Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қызылорда облысы Шиелі ауданының мәслихат аппаратының 2011.11.08 N 265 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы N 773 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" N 1719 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат (кезектен тыс XXXII сессия) ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 4 наурыздағы "Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы ХХІV сессиясының "Шиелі ауданының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы N 24/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 6 қаңтарында N 10-9-99 болып тіркелген. аудандық "Өскен Өңір"
газетінің 2010 жылғы 16 қаңтарында N 8, 20 қаңтарындағы N 9 шығарылымындарында жарияланған) шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 28/2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 12 наурызында N 10-9-108 болып тіркелген аудандық "Өскен Өңір" газетінің 2010 жылдың 20 наурызындағы N 27-29 шығарылымында жарияланған) шешімінің 1 бөлігінің жақша ішіндегі "аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 6 қаңтарындағы N 25/2 шешімімен өзгерістер енгізілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 18 қаңтарында N 10-9-101 болып тіркелген, аудандық "Өскен Өңір" газетінің 2010 жылғы 27 қаңтарындағы N 11-12 шығарылымында жарияланған" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы Ж. Жәрімбетова
Аудандық мәслихаттың
хатшысы С.Қ.Оразымбетов