Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа алып, Аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 02 маусымдағы N 4 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Шиелі кентінде атауы жоқ көшеге, мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Исатай Әбдікәрімовтың есімі берілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігі Шиелі кенті әкімінің 2010.12.28 N 1106 шешімімен.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өзіме жүктелсін.
Кент әкімінің міндетін атқарушы Е. Түменов