Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 2 маусымындағы № 4 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1.Сұлутөбе ауылдық округіне қарасты Сұлутөбе ауылындағы атауы жоқ көшеге Достық аты берілсін.
2.Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылау Сұлутөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Еспанова Кенжегүлге жүктелсін.
Сұлутөбе ауылдық округі әкімі: Б.Балтабаев