Сұлутөбе ауылдық округіне қарасты Сұлутөбе ауылындағы атауы жоқ көшеге Сарышығанақ атын беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 09 қыркүйектегі N 19 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 08 қазанда N 10-9-157 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 2 маусымындағы № 4 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1.Сұлутөбе ауылдық округіне қарасты Сұлутөбе ауылындағы атауы жоқ көшеге Сарышығанақ аты берілсін.
      2.Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3.Осы шешімнің орындалуын бақылау Сұлутөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Еспанова Кенжегүлге жүктелсін.

      Сұлутөбе ауылдық округі әкімі:                      Б.Балтабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады