Бестам ауылындағы Ленин көшесіне Әбекен Тоғызбаевтың есімін Беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бестам ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі N 107 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 11 қазанда N 10-9-167 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 3 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Бестам ауылындағы Ленин көшесіне ауылдың құрметті азаматы, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік сыйлығының иегері Әбекен Тоғызбаевтың есімі берілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-заңгері З.Алпамышевқа жүктелсін.

      Бестам ауылдық округінің әкімі:            А.Бегалдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады