Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 2 қазандағы № 5 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМIН:
1.Керделі ауылдық округі, Н. Бекежанов елді мекенінің батыс беткейіндегі атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Бекхожаев Әнтай Бекхожаүлының есімі берілсін.
2.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3.Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды озіме қалдырамын.
Керделі ауылдық округінің әкімі: Ш.Оразымбет