Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 02 қазандағы N 3 ұсыныс хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Шиелі кентінің теріскей шығыс бетінде орналасқан С.Мұқанов көшесімен қатар түскен ұзындығы 640 метр атауы жоқ көшеге Қазақстан Республикасының құрылыс материалдары министрі болған, мемлекет қайраткері Беркімбай Пәрімбетовтің есімі берілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Кент әкімі М. Молдабаев