Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 02 қазандағы N 3 ұсыныс хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Шиелі кентінің Шығыс беткейінен жаңадан ашылған мөлтек ауданына "Шұғыла" атауы берілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Кент әкімі М.Молдабаев