Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 09 наурыздағы N 3 ұсыныс хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Шиелі кенті "Шиелі-Жахаев" автожолы бойындағы ұзындығы 920 метр атауы жоқ көшеге Қазақстан Республикасының халық жазушысы Мұхамеджан Қаратаевтың есімі берілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Кент әкімі М. Молдабаев