Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2012.01.20 N 1790 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 1-тармағын, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған аудандық коммуналдық меншіктегі объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэфиценттер мөлшерін бекіту туралы" Аудан әкімдігінің 15 шілде 2009 жылғы N 591 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 24 тамызында N 10-9-92 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2009 жылғы 05 қыркүйектегі N 83-84 /7699-7700/ санды шығарылымында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ алынып тасталынсын;
3-тармақтағы "С.Сермағамбетовке" деген сөздер "К.Мубараковқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
қаулы мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВ