Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2012.01.20 N 1790 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 37 бабының 1 және 8-тармақтарын басшылыққа ала отырып, Қызылорда облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 наурыздағы "Мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған облыстық коммуналдық меншіктегі объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін бекіту туралы" N 333 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған аудандық коммуналдық меншіктегі объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшері бекітілсін.
2. Алынып тасталды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2010.12.24 N 1272 қаулысымен.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К.Мубараковқа жүктелсін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2010.12.24 N 1272 қаулысымен.
4. Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. Қаулы 4-тармақпен толықтырылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2010.12.24 N 1272 қаулысымен.
АУДАН ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВ
2009 жылғы 15 шілдедегі
N 591 қаулысымен бекітілген
қосымша
Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшері Бір жылға 1 шаршы метр үшін жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі 1,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)
Реттік саны |
Коэффициенттер түрі |
Коэффициент мөлшері |
1. |
Құрылыстың тұрпатын ескеретін коэффициент (Ктұр) |
|
Кеңселік |
1,0 |
|
өндірістік |
0,8 |
|
қоймалық, буқазандық |
0,6 |
|
басқалар үшін |
0,9 |
|
2. |
Тұрғын үй емес жайдың түрін ескеретін коэффициент (Ктүр) |
|
бөлек тұрған |
1,0 |
|
кіріктірме-жапсарлас бөлігі |
0,9 |
|
цокольдік (жартылай өжіре) бөлігі |
0,8 |
|
өжіре бөлігі |
0,7 |
|
3. |
Жайдың жайлылық деңгейін ескеретін коэффициент (Кж) |
|
Барлық инженерлік-техникалық коммуникациямен жабдықталған жай үшін коммуникацияның қандай бір түрі жоқ болған жағдайда әрбір түрі үшін 0,1 азаяды |
1,0 |
|
4. |
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Ка) |
|
аудан орталығы үшін |
1,5 |
|
аудан орталығының шет аймағы үшін |
0,8 |
|
аудан орталығы емес кенттер, ауылдар үшін |
1,0 |
|
5. |
Жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Кқ) |
|
банктердің, “Қазпошта” АҚ үшін есеп айрысу-кассалық орталықтары үшін |
2,0 |
|
Делдалдық іс-қимыл және кедендік қызметтер, айырбастау пунктері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық және адвокаттық кеңселер үшін |
3,0 |
|
қоғамдық тамақтандыру, сауда, қонақ үйі қызметтерін ұйымдастыру үшін |
2,5 |
|
Мына салаларда қызмет ұйымдастыру үшін: жоғары білім беру |
1,1 |
|
орта білім беру |
0,9 |
|
мектепке дейінгі білім беру |
0,8 |
|
орта және арнайы орта білім беру орындарында, денсаулық сақтау мекемелерінде және мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында тамақтандыру қызметін ұйымдастыру үшін |
0,9 |
|
басқалар үшін |
1,0 |
|
6. |
Жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Құқ) |
|
мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін |
1,3 |
|
сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерді санамағанда өндірістік іс-қимыл ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамытуға шағын кәсіпкерліктің субъектілері үшін |
1,2 |
|
дара кәсіпкерлер үшін |
1,1 |
|
акцияларының (қатысу үлестері) елу және одан астам пайызы немесе бақылау пакеті мемлекетке тиесілі және бюджеттік бағдарламаларды орындаудан 90 пайыздан кем емес табыс түсіретін акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін |
0,8 |
|
мемлекеттік кәсіпорындар үшін |
0,7 |
|
республикалық (облыстық) мемлекеттік мекемелер, қайырымдылық, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар үшін |
0,5 |
Ескертпе:
1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын үй емес қордың объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде жылдық жалдау ақысын есептеу төмендегідей жүзеге асырылады:
Жа = Еа х А х Ктұр х Ктүр х Кж х Ка х Кқ х Кұқ
Бұл жерде:
Жа – жалға алынған алаңның жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі;
Еа - 1 шаршы метрге жылдық жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі, теңгемен;
А - жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Ктұр - жайдың тұрпатын ескеретін коэффициент;
Ктүр - тұрғын үй емес жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кж - жайдың жайлылық деңгейін ескеретін коэффициент;
Ка - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Кқ - жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
Құқ -жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
2. Жабдықтар және автокөлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде жалдау ақысы мына формула бойынша есептеледі:
Жа = Ққ х Nаm /100 х Кт
Бұл жерде:
Жа - жабдықтар және көлік құралдарына жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Ққ - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
Есептелген тозуы 100 пайыз болған жабдықтар және көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде, олардың қалдық құны алғашқы құнынан (қалпына келтірілген) 10 пайыз мөлшерде алынады;
Nam - "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кт - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдарының тозу құны алпыс пайыздан асқан кезде 0,8 мөлшерде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерді санамағанда, өндірістік қызмет және халыққа қызмет көрсету саласын ұйымдастырған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне берген кезде 0,5).