"Ауылдық округіндегі жаңа көшеге Мәулен Сырымбаевтың атын беру туралы" 2009 жылғы 12 қаңтардағы N 59 санды шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігі Жиделіарық ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі аудандық әділет басқармасында 2011 жылы 25 қаңтарда N 10-9-191 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Жиделіарық ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы "Ауылдық округіндегі жаңа көшеге Мәулен Сырымбаевтың атын беру туралы" N 59 санды шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылғы 11 ақпанындағы N 10-9-77 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2009 жылғы 21 ақпандағы N 18-19 /7634-35/ шығарылымында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін.
      2-тармағындағы 13.04.2006 жылдан бастап пайда болған қарым қатынастарға тарайды деген сөздер алынып тасталынсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырылсын.
      3. Шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Жиделіарық ауылдық округінің әкімі                 А. Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады