Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын және аудандық ономастикалық комиссиясының 2006 жылғы 13 наурыздағы N 2 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Жиделіарық ауылдық округінің, Жиделіарық елді мекеніндегі жаңа көшеге осы ауылдың ірге тасын қалаған Мәулен Сырымбаевтың аты берілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігі Жиделіарық ауылдық округі әкімінің 2010.12.23 N 4 Шешімімен.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырылсын.
Жиделіарық ауылдық округінің әкімі Н.Мұсабаев