Мемлекеттік жалға берілетін үйлерден алынатын жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 08 ақпандағы № 123 қаулысы. Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 наурызда № 11-1-130 тіркелді. Күші жойылды - Ақтау қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 01 сәуірдегі № 428 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтау қаласының әкімдігінің  2013 жылғы 01 сәуірдегі № 428 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 «Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегі немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның ішiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесiн бекiту туралы» Қаулысына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабы 1 - 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.Мемлекеттік жалға берілетін үйлерден алынатын 1 ш.м. жалдау ақысын есептеу мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарлары М. Н. Молдағұловқа және Б.М. Шапқанға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                              С. Бекбергенов

Ақтау қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 8 ақпандағы
№ 123 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік жалға берілетін үйлерден алынатын 1 ш.м.
жалдау ақысын есептеу мөлшері

      Мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді жалдау ақысын есептеу үшін келесі көрсеткіштер қажет:
      А – мемлекеттік жалға берілетін үйлерден алынатын жалдау ақысы айына 1 шаршы метр үшін теңгемен;
      Ц – құрылыстың (сатып алу) құны тұрғын үйдің жалпы көлемі бір шаршы метрі мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен анықталады;
      Т – ғимараттың қызметінің есептік мерзімі, жыл;
      К1 – аумақтық орналасуына қолданылатын коэффициент;
      К2 – аймақтық орналасуына қолданылатын коэффициент;
      К3 – орналасу орнына қолданылатын коэффициент;
      Ап – мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді жалпы шаршы метрі жалдаудан алынатын төлемақысы теңгемен;
      П – тұрғын үйдің жалпы алаңы, шаршы метр;
      Үй-жайдың 1 шаршы метрін жалдау төлемақысы мына формуламен есептеледі:
      А = Ц/Т/12 ай * К1 * К2 * К3
      Мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйден өңдіріп алынатын жалдаудың төлемақысы мына формуламен есептеледі:
      Ап. = А * П
      А = Ц/Т 12 ай * К1*К2*К3=373431000/100/12*1,3*1,3*1,1=89 тенге
      Мысалы: 1 пәтердің жалпы аумағы 69,4
      Ап.=89*69,4=6176,6 тенге 1 айға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады