«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35 - бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңының 14 - бабына сәйкес, қала әкімінің жанындағы ономастикалық комиссия жиналысының 2010 жылғы 12 ақпандағы № 1 хаттамасын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМІН:
1. Қызылсай селосы әкімінің 2008 жылғы 26 мамырдағы № 01 «Қызылсай ауылы көшелеріне ат қою туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-85 нөмірімен тіркелген, «Жаңаөзен» газетінде 2008 жылғы 05 қарашадағы № 45 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
«№ 17 - көшеге – Шам Қожбанов» деген жолдағы «№ 17 - көшеге» сөзі «№ 7 - көшеге – Шам Қожбанов» деп ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау село әкімі аппаратының бас маманы Е.Абдуллаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Село әкімі Н.Темірбаев