«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 – бабына және 7 - бабының 6 - тармақшасына және «Мемлекет басшысының 2009 жылы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) кәсіпорындар мен ұйымдарда бастапқы, орта, жоғары кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастармен «Жастар іс - тәжірибесін» ұйымдастырылсын.
2. 2011 жылға арналған жастар тәжірибесін ұйымдастыратын мекемелер мен кәсіпорындар тізбесі және еңбекақы мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Уәкілетті орган жастардың іс - тәжірибесіне қатысу үшін оқу орындарын бітіруші жұмыссыз жастарды іріктесін және іріктеуде төмендегідей өлшемдер ескерілсін:
1) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жастар;
2) 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар;
3) кәсіби білімінің болуы;
4) іріктеу кезінде оларға лайықты жұмыстың болмауы.
4. Жастар іс - тәжірибесі жергілікті бюджеттің нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылсын.
5. «Жол картасы» шеңберінде халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөнінде қосымша шаралар туралы» қала әкімдігінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 1739 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-123 тіркелген, 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 52 (1439) «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Боранбаеваға жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі О.Сарбөпеев
КЕЛІСІЛДІ:
Қ.Қ. Боранбаева
29 желтоқсан 2010 ж
Н.Б.Ғұмарова
29 желтоқсан 2010 ж
«Жаңаөзен қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Р.К.Джантлеуова
29 желтоқсан 2010 ж
«Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
М.И.Абубикиров
29 желтоқсан 2010 ж
«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
2010 жылы 29 желтоқсандағы № 948
Жаңаөзен қала әкімдігінің қаулысына
қосымша
2011 жылға арналған жастар тәжірибесін ұйымдастыратын мекемелер мен кәсіпорындар тізбесі және еңбекақы мөлшері
№ |
Мекемелердің атаулары |
Барлығы |
Орал- |
Жергілікті бюджеттен |
Жұмыс мерзімі |
Жұмыс |
1 |
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы » қоғамдық бірлестігі |
8 |
3 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
2 |
«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
4 |
2 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
3 |
«Қызылсай селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
3 |
1 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
4 |
«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
4 |
2 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
5 |
«Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
3 |
1 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
6 |
«ҚР Бас прокуратурасы |
2 |
1 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
7 |
« Жаңаөзен қаласының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі |
2 |
1 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
8 |
«Қалалық әділет |
2 |
1 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
9 |
«Салық басқармасы» мемлекеттік мекеме |
2 |
1 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
10 |
«Жаңаөзен қалалық соты» мемлекеттік мекемесі |
2 |
1 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
11 |
«Жаңаөзен қаласының мамандырылған әкімшілік соты» мемлекеттік мекемесі |
3 |
2 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
12 |
«Қалалық қылмыстық атқару инспекциясы» мемелекеттік мекемесі |
2 |
1 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
13 |
«Қалалық зейнетақы төлеу орталығы» мемлекеттік |
2 |
1 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
14 |
«Жаңаөзен қалалық |
2 |
1 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
15 |
АҚ «Халық Банкі» |
2 |
1 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
16 |
«Жарылқау» қайырымдылық |
1 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
|
17 |
«Орталық қалалық кітапхана» мемлекеттік мекеме |
1 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
|
18 |
«Жаңаөзен кәсіптік лицей» мемлекеттік коммуналдық |
1 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
|
19 |
«Біржолғы талон негізінде алымдар алу жөніндегі Орталық» мемлекеттік мекем |
2 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
|
20 |
«Жаңаөзен политехникалық колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
1 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
|
21 |
«Жаңаөзен аймағы бойынша аудан аралық қаржы полиция басқармасы» мемлекеттік мекемсі |
1 |
25000 (жиырма бес ) |
6 айға дейін |
Келісі- |
|
Барлығы : |
50 |
20 |