Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, халықтың әлеуметтік қорғалатын санаттарының өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің (бұдан әрі – Көмек) түрлерінің тізілімі, мерзімділігі және мөлшері осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ Көмекті төлеу бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) болып табылады деп белгіленсін.
3. Дербес зейнеткерлер мен 70 жастан асқан жалғызілікті зейнеткерлерді қоспағандағы тұлғаларға Көмек қосымшада белгіленген мерзімде Бейнеу аудандық зейнетақы төлеу орталығынан ресми сұратып алған тізімдер негізінде алушылардың мекен-жайы бойынша жеке есеп шотына аударылады.
4. Уәкілетті орган дербес зейнеткерлер мен 70 жастан асқан, әділет органдары беретін тұрғын үй кітапшасы бойынша немесе жергілікті атқарушы органдардың анықтамасы бойынша тұрғылықты жерінде өзінен басқа адам тұрмайтын жалғызілікті зейнеткерлердің іс – қағаздарын төмендегі құжаттардың:
1) жеке куәлігінің;
2) салық төлеушінің тіркелу нөмірі;
3) тұрақты мекен-жайын растайтын құжаттың;
4) алушының мәртебесін дәлелдейтін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстыра отырып жасақтайды.
5. Көмектің мерзімінде аударылуына Уәкілетті орган қадағалайды.
6. Осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген көмек 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап төленеді деп белгіленсін.
7. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Д.Ақшабаева |
Аудандық мәслихат | |
Хатшысы | Р.Шалбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Бейнеу аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Өмірбеков
25 маусым 2010 жыл
Бейнеу ауданы маслихатының 2010 жылғы 25 маусым № 28/273 шешіміне қосымша |
Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлерінің тізілімі, мерзімділігі және мөлшері
№ | Әлеуметтік көмектің түрлері | Азаматтардың санаттары | Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері | Мерзімділігі |
1 | Азық түлік өнімдерінің бағасының өсуіне байланысты тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек | Ұлы Отан соғының қатысушылары мен мүгедектері | 1,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш | Тоқсанына бір рет |
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар | 1,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш | Тоқсанына бір рет | ||
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар | 1,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш | Тоқсанына бір рет | ||
Ұлы Отан соғысында қаза болған, өлген, хабарсыз еткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлері | 1,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш | Тоқсанына бір рет | ||
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар | 1,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш | Тоқсанына бір рет | ||
Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар | 1,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш | Тоқсанына бір рет | ||
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алушылар (балаларға) | 1,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш | Тоқсанына бір рет | ||
2 | Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері мен атаулы күндері құрметіне әлеуметтік көмек | Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері | 65 000 теңге | Жеңіс Күніне |
Ауғаныстанда әскери қызметін өтеу кезінде мүгедек болған әскери қызметшілерге | 25 000 теңге | Жеңіс Күніне | ||
Ауғаныстанда әскери қимылдарға қатысқан әскери қызметшілерге | 20 000 теңге | Жеңіс Күніне | ||
Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға қатысқан және Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болған адамдар | 20 000 теңге | Жеңіс Күніне | ||
Ұлы Отан соғысында қаза болған, өлген, хабарсыз еткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлері | 25 000 теңге | Жеңіс Күніне | ||
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдардың басқа да санаттары | 25 000 теңге | Жеңіс Күніне | ||
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары | 20 000 теңге | Жеңіс Күніне | ||
Ұлы Отан соғысы жылдары жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдармен марапатталған адамдар | 10 000 теңге | Жеңіс Күніне | ||
1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істегендер (қызмет еткендер) және тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдармен марапатталған адамдар | 10 000 теңге | Жеңіс Күніне | ||
Ауғаныстандағы ұрыс қимылдары кезінде жараланудың контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы | 20 000 теңге | Жеңіс Күніне | ||
70 жастан асқан, әділет органдары беретін тұрғын үй кітапшасы бойынша немесе жергілікті атқарушы органдардың анықтамасы бойынша жалғызілікті зейнеткерлер | 2 АЕК | Қарттар күніне (1 қазан) | ||
Барлық топтағы мүгедектер, бала жастан мүгедектер, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар | 2 АЕК | Мүгедектер күніне (қазанның екінші жексенбісі) | ||
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар (балаларға) | 2 АЕК | Республика күніне (25 қазан) | ||
3 | Үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балаларға әлеуметтік көмек | Үйден оқып және тәрбиеленетін мүгедек балалар | 5 АЕК | Ай сайын |
4 | Бір жолғы материалдық көмек | Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне амбулаториялық емделуі кезінде дәрі-дәрмек алуы үшін | 5 000 теңге | Жылына бір рет |
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Чернобыль апатының салдарынан мүгедек болғандарға тіс протезін жасатуға немесе жөндеуге | 10 000 теңге | Үш жылда бір рет | ||
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне облыстық газеттің жылдық басылымына жазылуы үшін | Газеттің біреуінің жылдық жазылу құнының сомасы мөлшерінде | Жылына бір рет | ||
5 | Қосымша үстемақы | Облысқа сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған дербес зейнеткерлерге зейнетақыларына қосымша үстемақы | 1 АЕК | Ай сайын |