2010 жылы жұмыссыздарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субьектілерінің тізімін бекіту туралы

Жаңа

Қарақия ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 54 қаулысы. Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 ақпанда № 11-4-101 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға арналған нысаналы топтардағы жұмыссыздардың әлеуметтік жұмыс орындарын құрушы шаруашылық субьектілердің тізімі бекітілсін. (Қосымша)
      2. Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі (М.Қыдырқожа) аудандық бюджеттен 2010 жылға қаралған қаражат есебінен қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Сүйеуоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ә.Дауылбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады