Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2012.06.13 № 132 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» және 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін қосымша шаралар туралы» № 125 қаулысына (аудандық әділет басқармасында 08.06.2009 жылы № 11-5-82 мемлекеттік тіркеуден өтіп, 10.06.2009 жылы № 27-28 (97-28) «Жаңа өмір» газетінде ресми жарияланды) өзгеріс енгізілсін.
Қаулының 6 бөліміндегі «он бес мың» деген сөз «жиырма мың» деген сөзбен өзгертілсін.
2. Қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Махмутовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі Ж. Албытов