Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. 1994 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында жүргізілсін.
2. Шақыру учаскесі «Маңғыстау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – қорғаныс істері жөніндегі бөлім) базасында ұйымдастырылсын.
3. Село әкімдері және ұйымдардың басшылары:
1994 жылы туылған және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
4. «Маңғыстау аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Ж.Нұрлыбаеваға (келісім бойынша) төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
1994 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде медициналық куәландыру комиссиясына тәжірибесі мол маман - дәрігерлерді қатыстыру;
2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын азаматтардың флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету;
азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының маман - дәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен, рентгенпленкамен, флюорография, электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету;
созылмалы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғандардың тізімдерін, денсаулық жағдайын сипаттайтын ауру тарихының көшірмесін, дәрігерлік тексерулер мен диспансерлік бақылау мәліметтерін, дәрігерлік амбулаториялық карталарын қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2010 жылдың қаңтар айына дейін тапсыру, комиссия жолдаған азаматтарды кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық тексеруден өткізуді жүзеге асыру.
5. Маңғыстау аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы А.Досжановқа (келісім бойынша) азаматтардың тіркеу учаскесіне келуін бақылауды жүзеге асыру және олардың тіркеуден жалтару әрекеттерінің жолын кесу, шақыру учаскесінде реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу мақсатындағы жұмыстарын жүргізу және тіркеуден өткізу барысында оларды Қарулы Күштер қатарына қызмет етуге дайындау қорытындысы туралы аудан әкіміне жазбаша хабарлама түсіру, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы С.Шегебаевқа (келісім бойынша) ұсынылсын.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қылаңовқа жүктелсін.
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Боқанов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Шегебаев Самат Ұзақбайұлы
20 желтоқсан 2010 жыл
«Маңғыстау аудандық орталық
ауруханасы» МКҚК-ның директоры
Нұрлыбаева Жанар Сайынқызы
20 желтоқсан 2010 жыл
«Маңғыстау аудандық ішкі істер
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Досжанов Амангелді Асқарұлы
20 желтоқсан 2010 жыл