Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қылмыстық кодексiнің 42 бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығарылған сот үкіміне және қылмыстық атқару инспекциясының жолдамасына сәйкес жұмыс берушілер сотталған азаматтарды аудан аумағында көгалдандыру, жасыл көшеттерді отырғызу, көркейту, санитарлық тазалау, құрылыс, жолдарды және оның аймағын тазалау қызметтеріне тартылуын қамтамасыз етсін.
2. Сотталғандар жазасын өтеуге аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға жіберілсін.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Б.Жарылғаповаға жүктелсін.
4. «Сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы» аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 2 шілдеде № 11-6-96 болып тіркелген аудандық «Ақкетік арайы» газетінің 15.07.2009 жылғы № 43 жарияланған, аудан әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 211 қаулысының күші жойылсын.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі С.Ө.Трұмов
«КЕЛІСІЛДІ»:
А.Қазиева
«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы
18 қаңтар 2010 жыл
Түпқараған ауданы әкімдігінің «Сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы».18.01.2010 жылғы № 01 қаулысына анықтама-негіздеме
№N |
Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік органның ақпараты |
1. |
Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган |
Түпқараған ауданы әкімдігі |
2. |
Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) |
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қылмыстық кодексiнің 42 бабы |
3. |
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) |
Сотталғандар- |
4. |
Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер |
Қабылданбаған |
5. |
Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер |
Қабылданбаған |
6. |
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме? |
Көздемейді |
7. |
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет |
«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ |
Мемлекеттік құқықтық
бөлімінің жетекшісі Г.Н.Демеуова