Ескерту. Күші жойылды Түпқараған аудандық мәслихатының 2012.07.02 № 4/31 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 - бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 - бабының 5 - тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Түпқараған ауданының елді мекендерінде жануарларды күтіп ұстаудың Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы: А. Бекмағанбетова
Аудандық мәслихат хатшысы: А. Досанова