2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру жөнінде шаралар туралы

Жаңа

Түпқараған ауданының әкімінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 12 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 28 қаңтарда № 11-6-129 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiкті мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» заңдарына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. 1994 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында жүргізілсін.
      2. Шақыру учаскесі «Түпқараған аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – қорғаныс істері жөніндегі бөлімі) базасында ұйымдастырылсын.
      3. Село, поселке әкімдері 1994 жылы туылған және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
      4. «Түпқараған орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директоры Г.Б. Шалабаеваға (келісім бойынша) төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
      1) 1994 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде медициналық куәландыру комиссиясына тәжірбесі мол маман - дәрігерлерді қатыстыру;
      2) 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын азаматтардың флюрографиядан, электрокордиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету;
      3) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының маман дәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен, рентгенпленкамен, флюрография, электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету;
      4) созылмалы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғандардың тізімдерін, денсаулық жағдайын сипаттайтын ауру тарихының көшірмесін, дәрігерлік тексерулер мен диспансерлік бақылау мәліметтерін, дәрігерлік амбулаториялық карталарын қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2011 жылдың қаңтар айына дейін тапсыру, комиссия жолдаған азаматтарды кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық тексеруден өткізуді жүзеге асыру.
      5. «Түпқараған аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ. Ж. Қобландинге(келісім бойынша) азаматтардың тіркеу учаскесіне келуін бақылауды жүзеге асыру және олардың тіркеуден жалтару әрекеттерінің жолын кесу, шақыру учаскесіне реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу мақсатындағы жұмыстарын жүргізу және тіркеуден өткізу барысында оларды Қарулы Күштер қатарына қызмет етуге дайындау қорытындысы туралы аудан әкіміне жазбаша хабарлама түсіру, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы М. К. Касымовқа (келісім бойынша) ұсынылсын.
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Б.Жарылғаповаға жүктелсін.
      8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi                             С.Ө Трұмов

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      «Түпқараған ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы Касымов Марат Касираевич
      31 желтоқсан 2010 жыл

      «Түпқараған ауданының ішкі істер
      бөлімі » мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Қобландин Қалижан Жеңісбекұлы
      31 желтоқсан 2010 жыл

      «Түпқараған орталық аудандық
      ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорынның директоры
      Шалабаева Гүлшат Бақытовна
      31 желтоқсан 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады