Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кезекті 2010 жылдың сәуір-маусым айларында 1983 - 1992 жылдар аралығында туған ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде ұйымдастырылсын.
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін шақыру комиссиясы құрылсын (қосымша 1).
3. Комиссия мемлекеттік органдар мен мекемелердің комиссия жұмысы кезеңінде бірге отырып жұмыс жасауын қамтамасыз етсін, 2010 жылдың сәуір - маусым айлары аралығында мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын ер азаматтарды медициналық куәландыру және тексеруден өткізу жөнінде шаралар алсын.
4. 2010 жылдың сәуір - маусым айларында мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын ер азаматтарды медициналық куәландырудан және тексерістен өткізу үшін комиссия құрылсын (қосымша 2).
5. 2010 жылдың сәуір - маусым айларында мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуден жалтарып, бой тасалап жүрген ер азаматтарды іздеу салу және оларды тауып, қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу жөніндегі топ құрылсын (қосымша 3).
6. Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 2010 жылдың сәуір - маусым айлары аралығындағы кезеңде мерзімді әскери қызметке шақырылатын ер азаматтарды медициналық куәландыру, тексерістен өткізу және комиссиясының отырысы жүргізілсін.
7. «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (А.М.Толыбаева) медициналық куәландыру және тексеруден өткізу жөніндегі шараларға қаржыландыруды жүзеге асырсын.
8. «Мұнайлы аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорына Б.С.Тайшибаев (келісім бойынша):
1) 2010 жылдың сәуір - маусым айлары аралығындағы кезеңге мерзімді әскери қызметке шақырылушы ер азаматтарды медициналық куәландырудан және тексеруден өткізу комиссиясына тәжірибесі мол маман - дәрігерлерді қатыстырсын және оларды қажетті дәрігерлік құрал жабдықтармен қамтамасыз ету ұсынылсын;
2) 2010 жылдың сәуір - маусым айлары аралығында мерзімді әскери қызметке шақырылатын ер азаматтардың анализдері тапсырылып, қан топтарын айыру, электрокардиограммадан және флюрографиядан өткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын;
3) шақыру комиссиясымен аудандық емдеу мекемесіне жолданған шақырылушы ер азаматтардың амбулаторлық тексерістен өтуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
9. Ауылдар мен селолық округ әкімдері, ұйымдар мен мекемелер басшылары 2010 жылдың сәуір - маусым айларында мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын ер азаматтарды Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғаны туралы хабардар етуді және олардың медициналық куәландырудан және тексеруден өтуі үшін шақыру пунктіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
10. «Мұнайлы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.Н.Қойшыбаев (келісім бойынша) комиссия жұмысы кезеңінде шақыру комиссиясының құрамына қатыстырылуға тиісті полиция қызметкерінің әскерге шақыру жасындағы ер азаматтармен атқарылатын жұмыстарға тікелей қатысы бар бөлімшеден жолдануын қамтамасыз ету ұсынылсын.
11. Медициналық куәландырудан және тексерістен өткізу және шақыру комиссиясы құрамының шақыру учаскесінің жұмысына қатыстырылған қызмет көрсетушілердің жұмыс орны, атқарып жүрген міндеттері және орташа жалақылары сақталатындығы ескерілсін.
12. «Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Г.И.Мендбаев (келісім бойынша) қаулының орындалуы туралы 2010 жылдың 5 шілдесіне дейін Мұнайлы ауданының әкіміне ақпарат беру ұсынылсын.
13. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж.Әбіловке жүктелсін.
14. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім О. Қазақбаев
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2010 жыл 08 сәуірдегі
№ 78 қаулысына 1 - қосымша
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін шақыру комиссияларының құрамы
Комиссия төрағасы
Мендбаев Газим Ілясұлы «Мұнайлы ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Комиссия төрағасының орынбасары
Тастемірова Зейнеп Жұмағалиқызы «Мұнайлы аудандық ішкі саясат
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Комиссия мүшелері:
Ішкі істер бөлімінің орынбасары
Есенгелдиев Қуаныш Бәлибекұлы «Мұнайлы аудандық ішкі істер
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығының орынбасары
Аға дәрігер,
медициналық комиссияның төрайымы
Өтеғұлова Роза Қайрқұлқызы «Мұнайлы орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны
директорының орынбасары
Комиссия хатшысы
Ташанова Сагира Бектұрғанқызы «Мұнайлы орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының аға медбикесі
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2010 жыл 08 сәуірдегі
№ 78 қаулысына 2 - қосымша
2010 жылдың сәуір-маусым айларында мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын ер азаматтарды медициналық куәландырудан және тексерістен өткізу үшін комиссия құрамы
Рысбекова Ляззат Төлепбергенқызы «Мұнайлы орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының терапевт-дәрігері
Аманжолова Дина Насұрлайқызы «Мұнайлы орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының терапевт-дәрігері
Шегебаева Азима Бердібайқызы «Мұнайлы орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазынашылық
кәсіпорнының окулист-дәрігері
Темиров Мұхамбетғали Мусаұлы «Мұнайлы орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының хирург-дәрігері
Қайырқожа Мейрамбек Мұңалқожаұлы «Мұнайлы орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының оторинолоринголог-
дәрігері
Жұбатырова Райхан Нұржігітқызы «Мұнайлы орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының невропотолог-
дәрігері
Сариева Жанар Азатқызы «Мұнайлы орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының невропотолог-
дәрігері
Киркимова Құндыз Мұқашқызы «Мұнайлы орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының фтизиатр-дәрігері
Ахметова Сандуғаш Ғаниматқызы «Мұнайлы орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының стомотолог-
дәрігері
Қарасаев Жәнібек Мыңбайұлы «Мұнайлы орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының стомотолог-
дәрігері
Изтлеуов Абишбай Изтлеуұлы «Мұнайлы орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының дермотолог-
дәрігері
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2010 жыл 08 сәуірдегі
№ 78 қаулысына 3 - қосымша
2010 жылдың сәуір-маусым айларында мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуден жалтарып, бой тасалап жүрген ер азаматтарды іздеу салу және оларды тауып, қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу жөніндегі
ТОП
Каниев Саламат Хайроллаевич «Мұнайлы ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің Әскери
қызметшілерді келісімшарт
бойынша іріктеу және шақыру
бөлімшесі бастығы
Қоянбаев Тұрғын «Мұнайлы аудандық ішкі істер
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Маңғыстау селолық округінің
участкелік инспекторы