Ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы және мектепке дейінгі шағын орталықтардағы балалардың тамағы үшін ата-аналардың төлем ақысының көлемін бекіту туралы

Жаңартылған

Мұнайлы аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 23 шілдедегі № 149-қ қаулысы. Мұнайлы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 09 тамызда № 11-7-75 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсанындағы № 1353 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 372 «Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы және мектепке дейінгі шағын орталықтардағы бір баланың бір күндік тамақ калькуляциялық нормасы 1 Қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Ай сайынғы төлем ақысынан босатылатын балалар санаты 2 Қосымшаға және ай сайынғы төлем ақысынан 80% - ға босатылатын балалар санаты 3 Қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. 2 тармаққа толықтырылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2011.06.28 № 83 - қ (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен
      3. Аудан әкімдігінің 16.06.2010 жылғы № 121 - қ қаулысы жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Оңдабаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Әкім                                    Е.Әбілов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Мұнайлы аудандық білім бөлімі»
      ММ бастығы З.Тастемирова

Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 23 шілдедегі
№ 149 - қ қаулысына
1 Қосымша

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы және мектепке дейінгі
шағын орталықтардағы балалардың 1 күндік тамақ калькуляциялық
нормасы/

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2011.06.28 № 83 - қ (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен

Тағамдар

тағамдардың бірлігінің орташа бағасы

1 баланың бір күндік нормасы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы, мектепке дейінгі шағын орталықтардағы балалардың жасы

3 жасқа дейінгі

3 жастан 6 жасқа дейін



құны,тенге

құны, тенге

Бидай наны

100

5.5

8

Қара бидай наны

100

2.5

4

Бидай ұны

72

1.152

1.44

Жарма, бұршақ, макарон өнiмдерi

200

4

6

Картоп

130

15.6

24.7

Әр түрлi көкөнiстер

230

41.4

46

Жас жемiстер

330

29.7

19.8

Кептiрiлген жемiстер

1200

12

12

Кондитерлiк тағамдар

545

2.18

5.45

Қант

200

7

9

Сары май

650

7.8

13

Өсiмдiк майы

365

1.825

2.555

Жұмыртқа (дана)

22

5.50

11

Сүт

195

97.5

81.9

Сүзбе

320

12.8

12.8

Ет

1000

60

100

Балық

400

8

18

Қаймақ

460

2.3

2.3

Шай

1400

0.28

0.28

Тұз

40

0.08

0.2

Ашытқы

1250

1.25

1.25

Барлығы:


318.367

379.675

1 баланың орташа тамақтану нормасы



349.0

Ескерту: Тағамдардың орта бағасы 2011 жылдың 1-ші қаңтарына көрсетілген статистикалық мәліметтерге сәйкес.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 23 шілдедегі
№ 149 - қ қаулысына
2 Қосымша

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы және мектепке дейінгі
шағын орталықтардағы ай сайынғы төлемақыдан босатылатын
балалардың санаты

      - тұлдыр жетім балалар;
      - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады