Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1353 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 372 «Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 23 шілдедегі «Ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы және мектепке дейінгі шағын орталықтардағы балалардың тамағы үшін ата - аналардың ай сайынғы төлем ақысының көлемін бекіту туралы» № 149 - Қ қаулысына (Мұнайлы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 тамызында № 11-7-75 болып мемлекеттік тіркеу тізіміне енгізілген; «Мұнайлы» газетінің 2010 жылғы 13 тамыздағы № 44 - 45 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген 1 қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
Жоғарыда көрсетілген қаулының 2 тармағындағы «2 қосымшаға» деген сөзден кейін «және ай сайынғы төлем ақысынан 80%-ға босатылатын балалар санаты 3 қосымшаға» деген сөздермен толықтырылсын;
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Оңдабаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Әкім Е. Әбілов
"КЕЛІСІЛДІ"
"Мұнайлы аудандық білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
З. Тастемирова
28 маусым 2011 жыл
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 28 маусымдағы
№ 83 - қ қаулысына 1 қосымша
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы және мектепке дейінгі шағын орталықтардағы балалардың 1 күндік тамақ калькуляциялық нормасы
Тағамдар | тағамдардың бірлігінің орташа бағасы | 1 баланың бір күндік нормасы | |
---|---|---|---|
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы, мектепке дейінгі шағын орталықтардағы балалардың жасы | |||
3 жасқа дейінгі | 3 жастан 6 жасқа дейін | ||
құны,тенге |
құны, тенге |
||
Бидай наны |
100 |
5.5 |
8 |
Қара бидай наны |
100 |
2.5 |
4 |
Бидай ұны |
72 |
1.152 |
1.44 |
Жарма, бұршақ, макарон өнiмдерi |
200 |
4 |
6 |
Картоп |
130 |
15.6 |
24.7 |
Әр түрлi көкөнiстер |
230 |
41.4 |
46 |
Жас жемiстер |
330 |
29.7 |
19.8 |
Кептiрiлген жемiстер |
1200 |
12 |
12 |
Кондитерлiк тағамдар |
545 |
2.18 |
5.45 |
Қант |
200 |
7 |
9 |
Сары май |
650 |
7.8 |
13 |
Өсiмдiк майы |
365 |
1.825 |
2.555 |
Жұмыртқа (дана) |
22 |
5.50 |
11 |
Сүт |
195 |
97.5 |
81.9 |
Сүзбе |
320 |
12.8 |
12.8 |
Ет |
1000 |
60 |
100 |
Балық |
400 |
8 |
18 |
Қаймақ |
460 |
2.3 |
2.3 |
Шай |
1400 |
0.28 |
0.28 |
Тұз |
40 |
0.08 |
0.2 |
Ашытқы |
1250 |
1.25 |
1.25 |
Барлығы: |
318.367 |
379.675 |
|
1 баланың орташа тамақтану нормасы |
349.0 |
Ескерту: Тағамдардың орта бағасы 2011 жылдың 1-ші қаңтарына көрсетілген статистикалық мәліметтерге сәйкес.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 28 маусымдағы
№ 83 - қ қаулысына 2 қосымша
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы және мектепке дейінгі шағын орталықтардағы ай сайынғы төлемақысынан 80% - ға босатылатын балалардың санаты
1. Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайтын, ҚР - ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек алатын отбасының балалары;
2. Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларының балалары.