Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Мұнайлы ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 247-қ Қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 қаңтарда № 11-7-84 тіркелді. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 150-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық әкімдігінің 2012.06.25  № 150-қ қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Біржолғы материалдық көмек (бұдан әрі - көмек) аз қамтылған отбасыларға,тұрақты мекен етуге көшіп келген оралмандарға алғашқы жылдары жағдайын түзету үшін:
      тұрғындардың әлеуметтік қорғалуға жататын санатындағы азаматтарға; аса мұқтаж денсаулық сақтау, білім беру және спорт, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне белгіленсін.
      2. Көмек тағайындау бойынша Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі уәкілетті орган болып табылады (бұдан әрі - уәкілетті орган).
      3. Көмек табыс мөлшеріне қарамастан азаматтардың өтініші бойынша ауыр материалдық, моральдық зардаптарға соқтырған өмірдің айрықша қиын кезеңдерінде: отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда, облыстан тыс жерде емделуге материалдық жағдайы келмесе, отбасына материалдық залал келтірген өрт болған жағдайда және басқа да қайғылы оқиғалар болғанда жылына бір рет беріледі.
      4. Көмек тағайындау кезінде отбасы құрамында оның кәмелетке толмаған балалары, көмек алушыдан басқа асыраушысының жоқтығы ескеріледі.
      5. Өтініш берушінің әлеуметтік - тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу селолық округтер және село әкімдері жанындағы жәрдемақы сұраған адамдардың материалдық жағдайын тексеретін учаскелік комиссиялар жүзеге асырады.
      6. Аз қамтылған отбасылар, тұрақты мекен етуге көшіп келген оралмандар, тұрғындардың әлеуметтік қорғалуға жататын санатындағы азаматтар, аса мұқтаж денсаулық сақтау, білім беру және спорт, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері арызға төмендегі құжаттар тіркеуі қажет:
      - тұрақты мекен жайын анықтайтын тұрғындарды тіркеу кітабы;
      - өтініш берушінің жеке куәлігі, отбасы мүшелерінің құжаттары;
      - алушының және отбасы мүшелерінің материалдық көмек алу мәртебесі бар екендігін дәлелдейтін құжат;
      - зардапты оқиғаны дәлелдейтін құжаттар (анықтама, куәлік, емделуге, берілген жолдама және т.б.);
      - әлеуметті материалдық ауыр жағдайды куәландыратын басқа да құжаттар.
      7. Уәкілетті орган құжаттар түпнұсқасын көшірмесімен салыстырады, салыстырып болғасын құжаттың түпнұсқасын өтініш берушіге қайтарады.
      8. Шешім қабылдағаннан кейін, көмек төлеуге тізім жасақталады және екінші деңгейдегі банктер мен алушының мекен – жайы бойынша «Қазпочта» (бұдан әрі - Қазпочта) Акционерлік қоғамының филиалдарының желілері арқылы жүзеге асырылады.
      9. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Оңдабаевқа жүктелсін.
      10. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                    Е.Әбілов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қ.Оңдабаев
      Е.Ізбергенов
      Т.Асауов
      Б.Біләлов
      Р.Ершаев
      З.Тастемирова
      А.Толыбаева

      Дайындаған:
      Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы
      Ж.Тұманбаева
      30 желтоқсан 2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады