"Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 8бр қаулысына және мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 241 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 1бр қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы № 263 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 17 наурызда № 3707 тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бірлескен қаулы мен шешім қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз. 
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қостанай ШЕШТІ:
      1. "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 8 бр қаулысына және мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 241 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 3698 нөмірмен тіркелді, 2009 жылғы 29 желтоқсандағы "Қостанай таңы" және "Костанайские новости" газеттеріне ресми жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулы мен шешімімен алынып тасталсын:
      5-тармақтағы 2 абзац;
      6-тармақтағы "Жітіқара ауданының Пригородный селолық округі";
      7-тармақтағы "Жітіқара ауданының Пригородный кенті".
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының
      әкімі                                          С. Кулагин

      Сессия төрағасы, Қостанай
      облыстық мәслихаты хатшысының
      міндетін атқарушы                              И. Аронова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады