Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 8 қаулы мен Қостанай облысы мәслихатының 2009 жылғы 20 қарашадағы № 241 шешімі. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2009 жылғы 22 желтоқсанда № 3698 тіркелді

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селолар", "селосының", "селоларының", "селосында" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылдар", "ауылының", "ауылдарының", "ауылында" деген сөздермен ауыстырылды, мемлекеттік тілдегі қосымшадағы мәтін және орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"   Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 28 және 11-баптарына3-бабының 6) тармақшасына сәйкес және аудандық өкілетті және атқарушы органдардың пікірін есекере отырып Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Барлық тұрғындардың көшіп кетуіне және қоныс аударуына байланысты мына елді мекендер таратылсын:
      Алтынсарин ауданы Докучаев ауылдық округінің Беляевка ауылы,
      Алтынсарин ауданы Лермонтов ауылдық округінің Лихачевка ауылы,
      Амангелді ауданы Қабырға ауылдық округінің Бестам ауылы,
      Арқалық қаласы Целинный ауылдық округінің Бектас ауылы,
      Әулиекөл ауданы Москалев ауылдық округінің Валентиновка ауылы,
      Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылдық округінің Ноғайкөл ауылы,
      Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округінің Рахмет ауылы,
      Әулиекөл ауданы Чернышевский ауылдық округінің Тастемір ауылы,
      Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылдық округінің Үшқамыс ауылы,
      Әулиекөл ауданы Чернышевский ауылдық округінің Шолақтерек ауылы,
      Денисов ауданы Тобыл ауылдық округінің Жданов ауылы,
      Қамысты ауданы Орқаш ауылдық округінің Жолшара ауылы,
      Қамысты ауданы Арқа ауылдық округінің Үшкөл ауылы,
      Қарасу ауданы Железнодорожный ауылдық округінің Жаркөл ауылы,
      Қарасу ауданы Новоселов ауылдық округінің Святогорка ауылы,
      Қарасу ауданы Черняев ауылдық округінің Коновниценка ауылы,
      Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің Жапалақ ауылы,
      Меңдіқара ауданы Борков ауылдық округінің Құмтөбе ауылы,
      Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің Ораз ауылы,
      Науырзым ауданы Мереке ауылдық округінің Бестамақ ауылы,
      Науырзым ауданы Науырзым ауылдық округінің Егінсай ауылы,
      Сарыкөл ауданы Барвинов ауылдық округінің Минское ауылы,
      Таран ауданы Колосовский ауылдық округінің Екатериновка ауылы,
      Таран ауданы Калинин ауылдық округінің Елтай ауылы,
      Таран ауданы Белинский ауылдық округінің Қарасор ауылы,
      Таран ауданы Евгеновский ауылдық округінің Луговой ауылы,
      Таран ауданы Нелюбин ауылдық округінің Мариновка ауылы,
      Таран ауданы Павлов ауылдық округінің Наталов ауылы,
      Таран ауданы Евгеновский ауылдық округінің Покров ауылы,
      Таран ауданы Асенкритов ауылдық округінің Таран станциясы,
      Таран ауданы Үшсор ауылдық округінің Шаракөл ауылы,
      Ұзынкөл ауданы Ряжский ауылдық округінің Амангелді ауылы,
      Ұзынкөл ауданы Федоров ауылдық округінің Энгельс ауылы,
      Федоров ауданы Шаңдақ ауылдық округінің Арал ауылы,
      Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің Заринское ауылы,
      Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің Новостройка ауылы,
      Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің Степное ауылы,
      Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің Тельмановка ауылы.
      2. Тұрғындар саны 50-ден кем мына ауылдар таратылсын:
      Қостанай ауданы Москва ауылдық округінің Қоскөл ауылы,
      Қостанай ауданы Ульянов ауылдық округінің Ломоносов ауылы,
      Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің Жаңғыр ауылы,
      Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің Озерное ауылы,
      Федоров ауданы Ленин ауылдық округінің Новое ауылы,
      Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің Новоборисовка ауылы,
      Федоров ауданы Украин ауылдық округінің Дмитриевка ауылы,
      Федоров ауданы Украин ауылдық округінің Домбарка ауылы.
      3. Таратылған елді мекендер енгізілсін:
      Қоскөл ауылы Қостанай ауданы Москва ауылдық округінің Москва ауылының құрамына,
      Ломоносов ауылы Қостанай ауданы Ульянов ауылдық округінің Ульянов ауылының құрамына,
      Жаңғыр ауылы Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің Қамысты Шаңдақ ауылының құрамына,
      Озерное ауылы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің Лесное ауылының құрамына,
      Новое ауылы Федоров ауданы Ленин ауылдық округінің Жаңақой ауылының құрамына,
      Новоборисовка ауылы Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің Пешков ауылының құрамына,
      Дмитриевка ауылы Федоров ауданы Украин ауылдық округінің Дубровка ауылының құрамына,
      Домбарка ауылы Федоров ауданы Украин ауылдық округінің Дубровка ауылының құрамына.
      4. Әулиекөл ауданы Чернышевский ауылдық округі Первомай ауылы болып,Қамысты ауданы Арқа ауылдық округі Арқа ауылы болып,
      Таран ауданы Евгеновский ауылдық округі Евгенов ауылы болып,
      Таран ауданы Колосовский ауылдық округі Приозерный ауылы болып қайта құрылсын.
      5. Құрылсын:
      Әулиекөл ауданының ауылдық округі оның құрамына Аманқарағай, Жилгородок, Лесной, Озерный, Торғай бұғазы ауылдарының аумақтары енгізіле отырып, олардың жер пайдалану шекаралары шегінде әкімшілік орталығы Аманқарағай ауылында,
      алынып тасталды.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.02.05 № 1бр қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 2010.02.05 № 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) шешімімен.
      6. Жаңадан құрылған ауылдық округтерге мынадай атаулар берілсін:
      Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылдық округі,
      алынып тасталды.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.02.05 № 1бр қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 2010.02.05 № 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) шешімімен.
      7. Ауылдар санатына жатқызылсын:
      Әулиекөл ауданының Аманқарағай кенті,
      алынып тасталды,
      Меңдіқара ауданының Боровской кенті,
      Федоров ауданының Федоровка кенті.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.02.05 № 1бр қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 2010.02.05 № 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) шешімімен.
      8. Қостанай облыстық мәслихатының және Қостанай облысы әкімдігінің бірлескен шешімдері қосымшаға сәйкес жойылсын.
      9. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі                        С. Кулагин

      Сессия төрағасы                               Е. Темірбаев

      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы            Ғ.Сағиев

2009 жылғы 20 қарашадағы
№ 241/8 бр мәслихатының 
шешіміне және қаулысына 
қосымша         

      1. "Әулиекөл ауданының Аманқарағай кенттің село санатына жатқызу және Аманқарағай селолық округін құру туралы" 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 250/6 бр Қостанай облыстық мәслихатының мен Қостанай облысы әкімдігінің шешімі.
      2. "Жітіқара ауданының Пригородный кенттің село санатына жатқызу және Пригородный селолық округін құру туралы" 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 251/7 бр Қостанай облыстық мәслихатының мен Қостанай облысы әкімдігінің шешімі.
      3. "Меңдіқара ауданының Боровской кенттің село санатына жатқызу туралы" 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 252/8 бр Қостанай облыстық мәслихатының мен Қостанай облысы әкімдігінің шешімі.
      4. "Федоров ауданының Федоровка кенттің село санатына жатқызу туралы" 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 253/9 бр Қостанай облыстық мәслихатының мен Қостанай облысы әкімдігінің шешімі.
      5. "Таран ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" 2006 жылғы 17 ақпандағы № 288/1 бр Қостанай облыстық мәслихатының мен Қостанай облысы әкімдігінің шешімі.
      6. "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы кейбір өзгерістер туралы" 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 314/2 бр Қостанай облыстық мәслихатының мен Қостанай облысы әкімдігінің шешімі.
      7. "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы кейбір өзгерістер туралы" 2006 жылғы 2 маусымдағы № 322/3 бр Қостанай облыстық мәслихатының мен Қостанай облысы әкімдігінің шешімі.
      8. "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы кейбір өзгерістер туралы" 2006 жылғы 21 шілдедегі № 336/4 бр Қостанай облыстық мәслихатының мен Қостанай облысы әкімдігінің шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады