Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына, 8 және 11-баптарына сәйкес қалалық және аудандық өкілетті және атқарушы органдардың пікірін есепке ала отырып Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Барлық тұрғындардың көшіп кетуіне және қоныс аударуына байланысты Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округінің Күлік ауылы таратылсын.
2. Тұрғындар саны 50 адамнан кем Арқалық қаласы Екідің ауылдық округінің Маятас ауылы таратылсын.
3. Арқалық қаласы Екідің ауылдық округінің таратылған Маятас ауылы Екідің ауылының құрамына енгізілсін.
4. Арқалық қаласы Екідің ауылдық округі Екідің ауылы болып қайта құрылсын.
5. Осы қаулы мен шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі С. Кулагин
Сессия төраймы З. Арефьева
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Төкенов