2010 жылы шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 ақпанда № 9-1-141 тіркелді

      2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 3-тармағының негізінде, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білімдік деңгейі мен мамандығын белгілеу және дене даярлығының деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын-ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындау және әскери оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеу мақсатында ШЕШТІМ:
      1. 2010 жылғы қаңтар-наурызда тіркеу жылғы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын "Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскесіне тұрғылықты жері бойынша тіркеу ұйымдастырылсын және өткізілсін.
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) "Қостанай қаласының  Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығымен бірге (келісім бойынша) тіркеу бойынша іс-шара өткізілсін.
      3. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы 2010 жылдың қаңтар-наурыздағы тіркеуді ұйымдастыру және өткізумен байланысты іс-шаралардың қаржыландыруын "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шығыстар сметасында көзделген ассигнованиялардың есебінен жүргізсін.
      4. Осы шешім ресми түрде жарияланған он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін бірінші күннен бастап қолданысқа енеді.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.К. Жүндібаевқа жүктелсін.

      Қостанай қаласы
      әкімі                                      Ж. Нұрғалиев

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            В. Стельмах

      "Қостанай қаласының қорғаныс
      істері жөніндегі басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ө. Өтебасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады