Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2012.01.06 № 2 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 111-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына сәйкес, "Қостанай қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 370 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-160 тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтардағы "Костанай" газетінде жарияланған) негізінде, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер түрлері:
1) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 6, 8-баптарына сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген адамдарға екі жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) біржолғы әлеуметтік көмек:
емдеу аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымынан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша тамақтануына;
барлық санаттардағы мүгедектерге емделуге және қаралуға нақты шығындар бойынша, бірақ елу айлық есептік көрсеткішінен аспайтын;
төтенше жағдай енгізу үшін негіз болған мән-жайлардың нәтижесінде зардап шеккен тұлғаларды қоспағанда, әлеуметтік көмекке мұқтаж халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне жататын отбасыларға (азаматтарға) өрттен, немесе су басудан келтірілген зиян нәтижесінде, бірақ жетпіс айлық есептік көрсеткішінен аспайтын;
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасыларға (азаматтарға); ең төмен мөлшердегі зейнетақылық табысы бар жалғыз тұратын зейнеткерлерге; мемлекеттік жәрдемақы мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақысынан басқа табысы жоқ мүгедектерге он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
мына жастарға: 1 және 2-топтардағы мүгедектер; табысы осы санаттағы тұлғалар үшін белгіленген мемлекеттік жәрдемақысының мөлшерінен аспайтын жиырма үш жасқа дейінгі жетімдер; халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне жататын және ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз табысы бар азаматтарға. Көмек, білім ұйымдарында оқуға төлеуге бағытталған мемлекеттік бюджеттен бөлінетін өзге төлемдер алушылары және (немесе) мемлекеттік білім гранттарының иегерлері болып табылатын адамдарды қоспағанда, техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алуға байланысты шығындарды өтеу үшін көрсетіледі. Көмек оқу жылы ішінде екі үлеспен аударылатын жылдық оқу құнының мөлшерінде көрсетіледі.
Жеңіс күніне: Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне бес мың теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылары болып табылатын Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған және 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) адамдарға екі мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.
3. Уәкілетті органға ұсынылатын әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
4. Мыналар белгіленсін:
1) әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық комиссияның ұсыныстары есепке алына отырып қабылданады;
2) ай сайынғы көмек Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған адам өтініш берген айдан бастап тағайындалады және алушының қайтыс болуына немесе оның қала аумағынан тыс жерге кеткеніне байланысты тоқтатылады;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар уәкілетті органда есепте тұратын жағдайда, аталған адамдарға әлеуметтік көмек уәкілетті органның тізімі бойынша жасалады;
мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылары болып табылатын Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған және 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) адамдарға әлеуметтік көмек уәкілетті органның тізімі бойынша жасалады.
5. Әлеуметтік көмекке өтініш берген тұлғаның өтінішін қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алуды немесе орнына барып тексеруді қажет етпейтін өтініш бойынша шешім өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде қабылданады.
Әлеуметтік көмекке өтініш берген тұлғаның өтінішін қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алуды немесе орнына барып тексеруді қажет ететін өтініш бойынша шешім өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде қабылданады.
6. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту үшін негіз болып табылады:
1) өтініш беруші жалған мәліметтерді ұсынуы;
2) өтініш беруші осы қаулының 1-тармағына сәйкес көмек көрсетілетін азаматтар санаттарына сәйкес келмеуі.
7. Төлеу отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде тиісті банк операциялардың түрлеріне лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банк шотына қаражатты аудару жолымен, қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
8. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
9. "Қостанай қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 253 шешімін іске асыру туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 494 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-1-145 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 15 сәуірдегі "Қостанай" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
10. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
11. Қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.К. Жұрқабаевқа жүктелсін.
Қостанай қаласының әкімі Ж. Нұрғалиев
КЕЛІСІЛГЕН
"Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________ В. Рубинский
"Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________ Р. Айтқожинова
Қостанай қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 11 сәуірдегі
№ 570 қаулысына қосымша
"Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ұсынылатын әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар тізбесі
1. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін міндетті құжаттар:
әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұлғаның өтініші;
өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
алушының мекен-жайын растайтын құжаттың көшірмесі;
алушының банк шотын ашқанын растайтын құжаттың көшірмесі.
Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын өтініш беруші үшін – көрсетілген мәртебесі барын растайтын құжаттың көшірмесі.
2. Қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
1) ай сайынғы әлеуметтік көмек: Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне; "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 6, 8-баптарына сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген адамдарға:
осы азамат уәкілетті органда есепте тұрмайтын жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) емдеу аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымынан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарға қосымша тамақтануына біржолғы әлеуметтік көмек:
аурудың емделіп жатқанын растайтын тиісті медициналық ұйымынан анықтама;
3) барлық санаттардағы мүгедектерге емделуге және қаралуға нақты шығындар бойынша біржолғы әлеуметтік көмек:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
емделу құнын растайтын құжат;
4) әлеуметтік көмекке мұқтаж халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне жататын отбасыларға (азаматтарға) өрттен, немесе су басудан келтірілген зиян нәтижесінде біржолғы әлеуметтік көмек:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
көзделген төлемдер жасауға әсер еткен оқиғаны растайтын тиісті органнан құжат;
келтірілген зиянның сомасын растайтын құжаттар;
5) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасыларға (азаматтарға); ең төмен мөлшердегі зейнетақы табысы бар жалғыз тұратын зейнеткерлерге; мемлекеттік жәрдемақы мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақысынан басқа табысы жоқ мүгедектерге біржолғы әлеуметтік көмек:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар отбасыларды (азаматтарды) қоспағанда);
өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға табыстары туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;
6) мына жастарға: 1 және 2-топтардағы мүгедектер; табысы осы санаттағы тұлғалар үшін белгіленген мемлекеттік жәрдемақысының мөлшерінен аспайтын жиырма үш жасқа дейінгі жетімдер; халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне жататын және ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз табысы бар азаматтарға техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алуға байланысты шығындарды өтеу үшін:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
тиісті оқу орны берген, оқу орнын және оқу жылына оқу ақысы мөлшерін растайтын құжат;
өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға табыстары туралы мәліметтерді растайтын құжаттар (1 және 2-топтардағы мүгедектерді қоспағанда);
оқуға төленгенін растайтын құжат төлем жасалғаннан кейін беріледі.
7) Жеңіс күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға:
осы азамат уәкілетті органда есепте тұрмайтын жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
3. Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері салыстыру үшін тапсырылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары құжатты тапсырған күні тез арада қайтарылады, ал құжаттардың көшірмелері куәландырылады және іске қосылады.