Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 2376 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 желтоқсанда № 9-1-157 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 199 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2012.02.03 № 199 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 4-тармағына сәйкес, халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналыстыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеуді ұйымдастыру мақсатында, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің мынадай тәртібі белгіленсін:
      1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс беруші жұмыс түрлері мен ауқымын, еңбекақы төлеу шарты мен мөлшерін көрсете отырып, "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне өтінім береді;
      2) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу бойынша комиссияның (бұдан былай – комиссия) қарауына құжаттар дайындауды жүзеге асырады:
      комиссияның ұсынысын ескере отырып, тараптардың міндеттері, әлеуметтік жұмыс түрлері, ауқымы, еңбекақы төлеу шарты мен мөлшері, мерзімі және қаржыландыру көзі белгіленетін, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілермен шарттар жасасады;
      нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарына жібереді;
      3) жұмыс берушілерді іріктегенде мынадай талаптар: төлем қабілеттілігі, жалақы өз уақытылы төленуі есепке алынады.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.К.Жұрқабаевқа жүктелсін.

      Әкім                                       Ж. Нұрғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады