2010 жылғы 23 сәуірде тағайындалған сайлау бойынша, шығып кеткеннің орнына Қостанай облысының атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлер үшін үгіттеу баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 235 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 8 сәуірде № 9-2-156 тіркелді

      1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 9 ақпандағы № 171/321 "Шығып кеткеннің орнына Қостанай облысының атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлауды тағайындау туралы" қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылғы 23 cәyipгe тағайындалған сайлау бойынша, шығып кеткеннің орнына Қостанай облысының атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлер үшін үгіттеу баспа материалдарын орналастыру үшін қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А. А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі                     Н. Денинг

      КЕЛІСІЛДІ

      Рудный қалалық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы
      __________ А. Тарасевич

Әкімдіктің       
2010 жылғы 26 наурыздағы
№ 235 қаулысына қосымша 

2010 жылғы 23 cәyipгe тағайындалған сайлау
бойынша, шығып кеткеннің орнына Қостанай облысының атынан
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына
үміткерлер үшін үгіттеу баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар

      1. Рудный қаласы:
      1) 50 лет Октября көшeci, "Универсам" дүкені ауданы;
      2) Ленин көшeci:
         "Мұражай" аялдамасы, "Дос Бол" дүкені ауданы;
         "Строитель" стадионы" аялдамасы;
      3) Комсомол даңғылы, "Форум" сауда үйі ауданы;
      4) Мир көшесі, "Вояж" дүкенінің ауданы.

      2. Қашар поселкесі:
      1) Рудный қаласы әкімдігінің "Күн" мемлекеттік коммуналдық
         кәсіпорнының ғимаратында;
      2) 2 шағынаудан, № 72 үйде;
      3) 2 шағынаудан, № 84 үйде.
 
      3. Горняцк поселкесі, Рудный қаласы әкімдігінің "Горняц
         поселкесі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің
         ғимаратында.
 
      4. Перцев селосы, "Перцев негізгі мектебі" мемлекеттік
         мекемесінің ғимаратында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады