2010 жылғы қоғамдық жұмыстарды туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 74 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 наурызда № 9-3-123 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінің 6, 7, 8-тармақтарының негізінде Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың, толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлердің еңбек ақысы мөлшерінің, ұйымдардың, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің тізбесі бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға, толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерге еңбек ақы төлеу қолданыстағы заңнамаға сәйкес нақты атқарылған жұмыстар үшін қала бюджетінің қаржысынан жүргізілсін.
      3. Мыналар белгіленсін:
      1) әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салық қалалық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп шоттарына аударылады;
      2) екінші деңгейдегі банкінің еңбек ақыны есепке қою және төлеу жөніндегі қызметіне комиссиялық сыйақысын төлеу шығындары жұмыс берушілердің есеп шоттарына қалалық бюджеттен өтеледі.
      4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйымдар арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық жұмыстарды орындауға жасалған шартта көрсетілген жағдайлар бойынша жүргізілсін.
      5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері тізбеде белгіленген ұйымдар еңбек ақы төлеген және қызмет көрсеткен кезде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін есепке алсын.
      6. Әкімдіктің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 28 "2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.  С. Жақыповаға жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Е. Жаманов

Арқалық қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 17 ақпандағы 
№ 74 қаулысымен бекітілген

Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың,
толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлердің еңбек ақысы мөлшерінің, ұйымдардың,
қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редақцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2010.06.29 № 279 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); өзгерту енгізілді 2010.12.06 № 526 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулыларымен.

Үйымдардың
атауы

Қоғамдық
жұмыстардың түрлері

Қоғамдық
жұмыстардың
көлемі,
сағатпен

Еңбек ақы
төлеу

1

Қостанай облысы
Арқалық қаласы
әкімдігінің
"Арқалық
жылу-
энергетикалық
компаниясы"
мемлекеттік
коммуналдық
кәсіпорыны

1) су өткізу
желілерінің құдықтарын
лайдан, қоқыстан
тазартуға қатысу

4580

ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

2) техникалық тұздарды
түсіруге және
тасымалдауға қатысу,
ұяларды тазарту.

4500

3) қазандықтарды бұзып
қаптағаннан кейін
кірпіштерді сұрыптап,
сылақтан тазартуға
қатысу.

2720

4) жылу-электр
орталығының, су
тазарту құралдарының,
канализациялық сорғы
станциялары
аудандарының шөбін,
түбірлерді, қамысты
шабу, қардан тазарту.

3917

5) су тазарту
құралдарын тазартуға
қатысу.

1020

2

Арқалық қаласы
әкімдігінің
"Шаруашылық-А"
коммуналдық
қазыналық
кәсіпорыны

1) аумақты жинастыру

10080

ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

3

Арқалық қаласы
әкімдігінің
"Іскер"
мемлекеттік
коммуналдық
кәсіпорыны

1) Қайырбеков 44, 54,
56, 58, 76; Абай 70,
100, 106; Маясова 29,
31, 31а, 38, 40;
Жәнібек 83, 85, 90,
90а, 104/1;
Байтұрсынов 10, 17,
21, 23; Демченко 25,
27; Горбачев 35, 45;
Майкөтов 18 көшелері
үй астыларындағы
қоқысты жинау.

6880

ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

2) № 1, 2, 3,
4–учаскелер алдындағы
аумақты тазарту
(асфальт жолдарын,
ауладағы тротуарларды)
қардан, батпақтан,
саздан тазарту,
қураған ағаштарды
кесу, аумақтағы
түбірлерді шабу,
ағаштарды ағарту,
балалар алаңшаларын
тазарту.

29568

4

Арқалық қаласы
әкімиятының
"Арқалық қалалық
теледидары мен
радиосы"
мемлекеттік
коммуналдық
кәсіпорыны

1) аумақты жинастыру

1054

ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

5

Арқалық қаласы
әкімдігінің
"Арқалықтың
азық-түлік
компаниясы"
шаруашылық
жүргізу
құқығындағы
мемлекеттік
коммуналдық
кәсіпорыны

1) аумақты жинастыру

6720

ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

6

"Арқалық
қаласының дене
және спорт
бөлімінің "Жігер
стадионы"
мемлекеттік
коммуналдық
қазыналық
кәсіпорыны

1) хоккей алаңшасын және мұз айдынын тазартуға қатысу.

4032

ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері

7

Арқалық қаласы
әкімдігінің
"Тазарту"
мемлекеттік
коммуналдық
кәсіпорыны

1) аялдамаларды,
тротуарларды қардан
тазарту және
асфальт-бетон
жабындысының жиегін
қардан күрекпен
тазарту.

13760

ең төменгі
жалақының
1,5 мөлшері

2) 2, 5, 6-шағын
ауданындағы және
көшелердегі, Даңқ
аллеясындағы, қалалық
саябақтың артындағы су
қоймасы жағалау,
қалалық саябақ
бойындағы қоқыстарды
қолмен күнделікті
тазарту.

95000

3) шөптерді шабу,
асфальт-бетон
жамылғыларының жиегін
батпақтан күрекпен
тазарту.

4128

4) Аңғар ауылындағы
көшелерді тазарту,
қурайларды шабу.

2016

5) Аңғар ауылында ағаш
отырғызуға, гүлзарлар
егуге қатысу.

1520

6) Алуа ауылындағы
көшелерді тазарту,
түбірлерді кесу,
үйінділерді жоюға
көмек көрсету.

344

7) Көктау ауылындағы
көшелерді тазарту,
түбірлерді кесу,
үйінділерді жоюға
көмек көрсету.

1888

8) Көктау ауылында
ағаш отырғызуға,
гүлзарлар егуге
қатысу.

504

9) Қайынды,
Қызыл-жұлдыз
ауылдарындағы
көшелерді тазарту,
түбірлерді кесу,
үйінділерді жоюға
көмек көрсету.

1936

10) Қайынды,
Қызыл-жұлдыз
ауылдарындағы
құдықтарды тазартуға,
жөндеуге қатысу.

504

11) Матросов
ауылындағы көшелерді
тазарту, түбірлерді
кесу.

336

12) Матросов
ауылындағы құдықтарды
тазартуға, жөндеуге
қатысу.

184

13 )Екідің ауылындағы
көшелерді тазарту,
үйінділерді жоюға
көмек көрсету.

1008

14) Жалғызтал
ауылындағы көшелерді
тазарту.

336

15) Восточное
ауылындағы көшелерді
тазарту, түбірлерді
кесу.

336

16) Восточное ауылында
ағаш отырғызуға,
гүлзарлар егуге
қатысу.

352

17) Молодежный
ауылындағы көшелерді
тазарту, үйінділерді
жоюға көмек көрсету.

672

18) Жаңақала
ауылындағы көшелерді
тазарту, үйінділерді
жоюға көмек көрсету.

1232

19) Фурманов
ауылындағы көшелерді
тазарту, үйінділерді
жоюға көмек көрсету.

2656

20) Фурманов
ауылындағы саябақтағы
жасыл желектерді күту.

704

21) Үштөбе ауылындағы
саябақтағы жасыл
желектерді күту.

704

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады