Әкімдіктің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 74 "2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 526 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 желтоқсанда № 9-3-137 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы негізінде Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 74 "2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының тізбесіне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9-3-123, 2010 жылдың 5 наурызында "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2010 жылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың, толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлердің еңбек ақысы мөлшерінің, ұйымдардың, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің бекітілген тізбесінде:
      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "18480" деген цифр "29568" деген цифрмен ауыстырылсын;
      7-тармақтың 2) тармақшасындағы "67200" деген цифр "95000" деген цифрмен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.О. Теменовке жүктелсін.
      3. Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Т. Төлеубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады