Халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2010 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 30 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 4 наурызда № 9-3-124 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2010 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім түлектері;
      үш және одан да көп ай жұмыс істемеген жұмыссыздар;
      бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (еңбек өтілі жоқ);
      қырық бес жастан асқан жұмыссыздар;
      маусымдық және уақытша жұмыстарға қатысқан жұмыссыздар;
      жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
      уәкілетті органның жолдауымен кәсіби даярлықты және (немесе) қайта даярлықты, біліктілігін арттыруды бітірген жұмыссыздар.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2010.09.03 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала
      әкімі                                      Т. Төлеубаев

      Келісілді:

      "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ________________________ К. Омарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады