Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 30 "Халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2010 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9-3-124, 2010 жылдың 12 наурызында "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынандай редакцияда мазмұндалсын:
"1. Халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2010 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім түлектері;
үш және одан да көп ай жұмыс істемеген жұмыссыздар;
бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (еңбек өтілі жоқ);
қырық бес жастан асқан жұмыссыздар;
маусымдық және уақытша жұмыстарға қатысқан жұмыссыздар;
жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
уәкілетті органның жолдауымен кәсіби даярлықты және (немесе) қайта даярлықты, біліктілігін арттыруды бітірген жұмыссыздар.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Ш. Шалдыбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арқалық
қаласы әкімі Т. Төлеубаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Арқалық қаласы әкімінің
аппараты" мемлекеттік мекемесі
заң бөлімінің бастығы
_________________ Б. Дәулетова
"Арқалық қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________________ К. Омарова