Мәслихаттың 2009 жылғы 21 шілдедегі № 178 "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2010 жылғы 11 ақпандағы № 238 шешімі. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 наурызда № 9-3-126 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2018 жылғы 13 ақпандағы № 155 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 13.02.2018 № 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" 2009 жылғы 21 шілдедегі № 178 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-3-113 санымен тіркелген, 2009 жылғы 28 тамызда "Торғай" газетінде жарияланған) мәслихат шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      3 жолындағы "5" деген сан "2" деген санмен ауыстырылсын;

      4 жолындағы "8" деген сан "3" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Арқалық қалалық мәслихатының


кезектен тыс сессиясының төрағасы

Т. Уайсов

Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы

Қ. Ағуанов

КЕЛІСІЛДІ:


"Қазақстан Республикасы қаржы


Министрлігінің салық комитеті


Қостанай облысы бойынша салық


Департаментінің Арқалық қаласы


бойынша салық басқармасы"


мемлекеттiк мекемесiнің бастығы


____________________ Е.Карбозов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады