Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2014 жылғы 19 ақпандағы № 156 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 наурызда № 4502 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 20.03.2015 № 236 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-134 тіркелген, 2010 жылғы 3 желтоқсанда "Торғай" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуына;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге;
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.";
      12-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "12. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы, нормалар және отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға шығындарының шекті жол берілетін деңгейі шегінде айқындалады.";
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Арқалық қалалық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   Қ. Смағұлов

      Арқалық қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Н. Шалдыбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Арқалық қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      __________________ К. Омарова

      "Арқалық қаласы әкімдігінің
      қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      __________________ А. Мұхамбетжанова

      "Арқалық қаласы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      __________________ Н. Гайдаренко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады