"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесіне сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қоғамдық жұмыстарға арналған ұйымдардың, қоғамдық жұмыстар түрлерінің, көлемдерінің, жұмыссыздарға, сондай-ақ толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерге арналған еңбек ақы мөлшерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру көзі Лисаков қаласының қалалық бюджеті болып белгіленсін.
3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен жұмыс берушінің арасында жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгі шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
4. "Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламаның әкімшісі "Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Лисаков қаласы әкімдігінің "Ұста" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен көрсетілетін жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеген кезде қоғамдық жұмыстардың түрі мен көлемін ескерсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Н.А. Степаненкоға жүктелсін.
6. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының әкімі В. Радченко
Лисаков қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 1 ақпан № 44
қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыстарға арналған ұйымдардың,
қоғамдық жұмыстар түрлерінің, көлемдерінің,
жұмыссыздарға, сондай-ақ толық емес жұмыс уақыты
режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерге арналған
еңбек ақы мөлшерінің тізбесі
№р/р |
Ұйымның атауы |
Жұмыстың |
Жұмыстың |
Еңбек ақы |
1. |
Лисаков қаласы |
Қызметкердің |
Лисаков |
ең төменгі |