2010 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын айқындау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 43 қаулысы. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 наурызда № 9-4-159 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, халықты әлеуметтік қорғаудың нысандарын анықтау кезінде бірыңғай тұрғысын жасау мақсатында Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар айқындалсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органда тіркелген елу жастан асқан тұлғалар;
      14) он екі және одан артық ай ұзақ жұмыссыздықты бастан кешірген адамдар;
      15) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      16) қолайлы жұмыс болмаған жағдайда жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органда тіркелген тұлғалар.
      2. Осы қаулы оны алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі                    В. Радченко

      КЕЛІСІЛДІ

      "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" ММ бастығы
      _________________ Г. Бермухамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады