Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 41 қаулысы. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 наурызда № 9-4-161 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 160 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 29.03.2011 № 160 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына, "Лисаков қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" Лисаков қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 271 шешіміне сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Айқындалсын:
      1-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттен төлем түрінде әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санаты;
      2-қосымшаға сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі.
      2. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып анықталсын (бұдан әрі – уәкілетті орган).
      3. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы немесе тағайындауда бас тарту туралы шешім азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияның ұсынысын ескере отырып шығарсын.
      4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасының қаражаты шегінде жүргiзiлсiн.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2010.04.06 № 128 қаулысымен.
      5. Әлеуметтік көмектің барлық түрлерінің төлемдері уәкілетті орган ұсынған тізімдерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының жеке немесе карт шотына ақшалай қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырылсын.
      6. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған іс-әрекетке қолданылады.
      Лисаков қаласының әкімі В. Радченко

  Лисаков қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 1 ақпандағы
№ 41 қаулысына 1-қосымша

Жергілікті бюджеттен төлем түрінде
әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санаты

      1. Табысы аз азаматтарға көмекші шаруашылықты ұйымдастыруға арналған біржолғы әлеуметтік көмек алты мың теңге мөлшерінде көрсетіледі.
      2. Табысы аз азаматтарға жер учаскесіне жол жүруге шығыстарды өтеу бойынша біржолғы әлеуметтік көмек қоғамдық көлікте ағымдағы жылдың 15 мамырынан 15 қыркүйекке дейін айына төрт рет жол жүру ақысын өтейтін мөлшерде көрсетіледі.
      3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға емделуді қолдайтын кезеңіне қосымша тамақтануға арналған біржолғы әлеуметтік көмек алты есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      4. Мүгедек балаларды компьютерлік томографта тексеруге байланысты шығыстарды өтеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмек мүгедек балалардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне есеп айырысу құжаттарының негізінде тексерілу құны мөлшерінде көрсетіледі.
      5. Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды, жұмыссыз азаматтарды және табысы аз азаматтарды, туберкулезбен ауырған азаматтарды жерлеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмек он есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмек, егер бала қайтыс болған күні ата-анасының біреуі немесе оның заңды өкілі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда, оларға тағайындалады.
      Қайтыс болған сәтте жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек тағайындалады. Қайтыс болған жұмыссыздарды және табысы аз азаматтарды, туберкулезбен ауырған азаматтарды жерлеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмек қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне, не болмаса оны жерлеген басқа адамдарға көрсетіледі.
      6. Жазаны өтеуден босатылған тұлғаларға құжаттауға біржолғы әлеуметтік көмек екі есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      7. Бірінші және екінші топтағы көзі көрмейтін мүгедектерге арналған біржолғы әлеуметтік көмек екі есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      8. Біржолғы әлеуметтік көмек 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдығын тойлауға байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне отыз бес мың теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, соғыстың қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейін Ұлы Отан соғысы жылдары тылда кемінде алты ай еңбек еткен азаматтарға бір мың теңге мөлшерінде көрсетіледі.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2010.04.06 № 128 қаулысымен.
      9. Қатты отын сатып алуға арналған біржолғы әлеуметтік көмек Октябрь кентінің және Красногор селосының орталықтан жылытпайтын тұрғын үйлердегі мүгедектерге бес есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      10. Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған ай сайынғы әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне екі жарым есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, соларға теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ соғыстың қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2010.04.06 № 128 қаулысымен.
      11. Тамақ өнімдерінің бағасы өсуіне байланысты тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек табысы аз азаматтарға – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға бір жарым есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алудың ағымдағы кезеңіне көрсетіледі.
      12. Балаларды қорғау күніне 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға біржолғы әлеуметтік көмек мүгедек балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне екі мың теңге мөлшерінде көрсетіледі.
      13. Жоғары білім алу кезінде оқудың құнына байланысты шығыстарды өтеу үшін халықтың әлеуметтік қорғалған топтарына жататын жастарға, табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың жастарына және жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқитындарға әлеуметтік көмек.
      Ескерту. 1-қосымшаға 13-тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2010.06.22 № 286 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) қаулысымен.

  Лисаков қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 1 ақпандағы
№ 41 қаулысына 2-қосымша

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың
тізбесі

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2010.06.22 № 286 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) қаулысымен.
      1. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін міндетті құжаттар:
      әлеуметтік көмек көрсету үшін өтініш жасаған адамның өтініші,
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      азаматтардың тіркеу кітабының көшірмесі немесе тұрғылықты жерін
      растайтын құжат болып табылады.
      Бұдан басқа:
      1) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға емделуді қолдайтын кезеңіне қосымша тамақтануға біржолғы әлеуметтік көмекке:
      емдеу мекемесінің анықтамасы;
      2) мүгедек балалардың компьютерлік томографта тексерілуіне байланысты шығыстарды өтеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмекке:
      баланы компьютерлік томографта тексеруге емдеу мекемесінің
      жолдамасы;
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының баланың
      мүгедектігін белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;
      тексерілгені үшін қолма-қол төлеп есеп айырысу туралы
      куәландыратын кассалық чек;
      3) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды, жұмыссыз азаматтарды және табысы аз азаматтарды, туберкулезбен ауыратын азаматтарды жерлеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмекке:
      қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болу
      туралы анықтама;
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан
      ата-анасының немесе өзге заңды өкілінің жұмыссыз ретінде
      тіркелгені туралы анықтама;
      қайтыс болған адамның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы
      жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан берілген
      анықтама;
      туберкулезбен ауырған азамат қайтыс болған сәтінде
      амбулаториялық немесе стационарлық емделгенін растайтын емдеу
      мекемесінің анықтамасы;
      4) жазасын өтеуден босатылған тұлғаларға тұрмыстық қажеттіліктерге біржолғы әлеуметтік көмекке:
      бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтегені туралы
      анықтама;
      5) бірінші және екінші топтағы көзі көрмейтін мүгедектерге арналған біржолғы әлеуметтік көмекке:
      медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының мүгедектікті белгілеу туралы көзі көрмейтін ауру туралы белгісі бар анықтамасының көшірмесі, белгі болмаған жағдайда – көзі көрмеу бойынша мүгедектікті растайтын құжаттың көшірмесі;
      6) 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдығын тойлауға байланысты біржолғы әлеуметтік көмекке:
      мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      7) қатты отын сатып алуға арналған біржолғы әлеуметтік көмекке:
      мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
      8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша мен шаштараз қызметтеріне арналған ай сайынғы әлеуметтік көмекке:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері куәлігінің көшірмесі;
      9) Балаларды қорғау күніне 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арналған біржолғы әлеуметтік көмекке:
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
      2. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексергеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмелері расталып, іске тіркеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады