"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына, "Лисаков қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" Лисаков қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 271 шешіміне сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 41 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-161 болып тіркелген, 2010 жылғы 18 наурызда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасының қаражаты шегінде жүргiзiлсiн";
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Біржолғы әлеуметтік көмек 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдығын тойлауға байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне отыз бес мың теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, соғыстың қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейін Ұлы Отан соғысы жылдары тылда кемінде алты ай еңбек еткен азаматтарға бір мың теңге мөлшерінде көрсетіледі";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған ай сайынғы әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне екі жарым есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, соларға теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ соғыстың қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".
2. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының әкімі | В. Радченко |