Әкімдіктің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 41 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 маусымдағы № 286 қаулысы. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 шілдеде № 9-4-166 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 160 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 29.03.2011 № 160 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 5-бабы 11) тармақшасына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына, "Лисаков қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" Лисаков қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 271 шешіміне сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" Лисаков қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 41 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-161 болып тіркелген, 2010 жылғы 18 наурызда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
      "13. Жоғары білім алу кезінде оқудың құнына байланысты шығыстарды өтеу үшін халықтың әлеуметтік қорғалған топтарына жататын жастарға, табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың жастарына және жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқитындарға әлеуметтік көмек";
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) оқудың төлемақы құнына байланысты шығыстарды өтеу үшін жастарға әлеуметтік көмекке:
      оқу орнын және оқуға төлемақы мөлшерін растайтын құжат;
      халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жататын жастарға мәртебесін растайтын құжат;
      табыстары күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан жастарға - өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға табыстары туралы анықтама".
      2. Осы қаулы оны алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға өзінің күшін таратады.
      Лисаков қаласының әкімі В. Радченко

      КЕЛІСІЛДІ
      "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" ММ бастығы
      __________________ Г. Бермұхамбетова
      "Лисаков қаласы әкімдігінің экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      ММ бастығының міндетін атқарушы
      ___________________ Н. Турлубекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады