"2010 жылға арналған Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 95 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 124 қаулысы. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 маусымда № 9-5-108 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23 қаңтар 2001 жылғы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2010 жылға арналған Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 95 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде № 9-5-105 болып тіркелген, 2010 жылдың 22 сәуіріндегі "Таза бұлақ - Чистый родник" аудандық газетінде жарияланған) мемлекеттік тілдегі қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасындағы 11 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің бірінші орынбасары міндетін атқарушы А.А. Кенжеғаринге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Бондаренко

      КЕЛIСIЛДI:

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________________ Э. Құсайынова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады