2010 жылға арналған Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 95 қаулысы. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Әділет бсқармасында 2010 жылғы 21 сәуірде № 9-5-105 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23 қаңтар 2001 жылғы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 23 қаңтар 2001 жылғы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2010 жылға арналған, Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары анықталсын.
      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғындардың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына жәрдем беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің бірінші орынбасарының міндетін атқарушы А.А. Кенжеғаринге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                              А. Бондаренко

      
Әкімдіктің        
2010 жылғы 7 сәуір № 95 
қаулысына қосымша    

2010 жылға арналған, Алтынсарин ауданының
әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2010.04.28 № 124 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      1. Аз қамтылғандар.
      2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
      3. Жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
      4. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеуші жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
      5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған, адамдары бар азаматтар.
      6. Зейнеткерлікке шығу алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
      7. Мүгедектер.
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған тұлғалар;
      9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар.
      10. Оралмандар.
      11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
      12. Жұмыс берушінің-заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс берушінің-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлердің штаты немесе санының қысқартылуына байланысты босатылған тұлғалар.
      13. Орта білімнен кейін және техникалық, кәсіби ұйымдардың түлектері.
      14. Үш және оданда көп ай кіріс әкелетін жұмыс түрімен айналыспайтын еңбекке жарамды жастағы жұмыссыз тұлғалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады