2010 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 49 қаулысы. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 наурызда № 9-6-108 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың нақты түрлері мен көлемдері және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдардың қоса ұсынылған тізбесі;
      2) қоғамдық жұмыстармен айналысатын азаматтардың еңбек ақысы аудандық бюджет қаражаттары есебінен айына бір жарым айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде бекітілсін.
      2. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны басшылыққа алсын.
      3. Мыналар:
      1) әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салықтың аудандық бюджеттен төленетіндігі және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылатындығы;
      2) шартпен белгіленген мөлшерде жалақыны аудару және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеу шығындары жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аудандық бюджеттен төленетіндігі белгіленсін.
      4. Аманкелді ауданы әкімдігінің "Аман-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны көрсетілген жұмыстар мен қызметтер өтемі кезінде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін ескерсін.
      Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тізбеде бекітілген ұйымдар арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған, қоғамдық жұмыстардың орындалу шартындағы көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аманкелді
      ауданының әкімі                            С. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Аманкелді ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ___________________ М. Тобағабылов

      "Аманкелді ауданының қаржы
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ____________________ Ж. Сеилова

      "Аманкелді ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Т. Карбозов

      Аманкелді ауданы әкімдігінің
      "Аман-Су" мемлекеттік
      коммуналдық кәсіпорнының
      директоры
      _______________ Ж. Құсаинов

Аманкелді ауданы әкімдігінің  
2010 жылғы 26 ақпандағы     
49 қаулысымен бекітілген қосымша

2010 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстардың
түрлері мен көлемдері

      РҚАО Ескерту. Кестені қағаз мәтінінен қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады