Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Аманкелді ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 20 шешімі. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қаңтарда № 9-6-120 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағы, 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШТІ:
      1. 2011 жылдың қаңтар-наурызында "Қостанай облысы Амангелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Аманкелді ауданының шақыру учаскесіне тіркелуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы "Амангелдi аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының бас дәрігеріне (келісім бойынша) "Қостанай облысы Амангелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмдерi шақырылушыларды "Қостанай облысы Амангелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабардар ету және олардың дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С.Хайруллинге жүктелсiн.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аманкелді ауданының әкімі                  С. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы Амангелдi ауданының
      қорғаныс iстерi жөніндегi бөлiмi"
      мемлекеттiк мекемесiнің бастығы
      ______________ А. Тлегенов

      Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық
      сақтау басқармасы "Амангелдi аудандық
      орталық ауруханасы" мемлекеттiк
      комммуналдық қазыналық кәсiпорнының
      бас дәрігері ______ Р. Есмағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады