Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптарына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әулиекөл ауданында 2010 жылға арналған жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшiн тұрғындардың нысаналы топтары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi тұрғындардың нысаналы топтарына кіретiн тұлғалардың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау бойынша шараларды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Р. Нұғманова
Әулиекөл ауданы әкiмдігінің
2010 жылғы 10 ақпандағы
№ 46 қаулысына қосымша
Жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшiн 2010 жылға
арналған Әулиекөл ауданындағы тұрғындардың нысаналы топтары
1. Аз қамтылғандар.
2. Жиырма бір жасқа дейiнгi жастар.
3. Балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар.
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғыздiлiктi, көпбалалы ата-аналар.
5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар.
6. Зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуына екi жыл қалған).
7. Мүгедектер.
8. Қазақстан Қарулы Күштерiнiң қатарынан босаған адамдар.
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
10. Оралмандар.
11. Жұмыс берушінің – заңды тұлғаның таралуына немесе жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына, жұмысшылардың саны немесе штаты қысқаруына байланысты босатылған тұлғалар.
12. Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейін бiлiм мекемелерінің түлектері.
13. Техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінің түлектері.
14. Ұзақ уақыт (он екі ай және одан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар.